Center Image
IHSAN.KZ
Елбасы Жолдауы насихатталуда

Абай ауданының бас имамы Түсіпбеков Асылхан қажының қатысумен мешіт имамдары біргелікте Елбасының кезекті Жолдауын тікелей эфир арқылы тамашалаған болатын. Жолдауда көрсетілген міндеттемелерге сай бас имам қала тұрғындарымен, соның ішінде жастармен тікелей жұмыс жасауға кірісті. Егеменді елдің болашағы болатын жастардың білімдерін жетілдіріп, президент Н.Ә.Назарбаевтың бастамаларын жалғастыру мақсатында Абай аудандық спорт мектебінде кездесу өткізілді. Кездесуге келген мекеме басшылары, мемлекеттік мекелердің қызметкерлері мен жастарға Жолдауда айтылған мәселелердің басын ашып, мол насихат айтқан Асылхан қажы Рахымжанұлы барша жастың осындай жиындарға қатысып, діни сауатты молайту қажеттігін айтты. Діни экстремизмнің алдын алып, жат ағымға еріп кетпеу үшін мол білім қажет деді өз сөзінде бас имам. Қанатын кеңге жайған бейбіт елімізде тыныштық сақталу үшін барлық жастар дұрыс жолда жүргені абзал.

Абай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

[gallery link="file" ids="21392,21393,21394"]

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz