Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Иманды елдің іргесі биік!
19 қаңтар, 2016 жыл 137 Басып шығару нұсқасы

Ақтоғай аудандық орталық мешітінің бас имамы Түкетаев Ардақ Әділханұлы аудан әкімімен бірге ауылдарды аралап, тұрғындармен кездесулер өткізуде. Нарманбет және Шашубай ауылдарына барып, жергілікті тұрғындардың хал-ақуалымен танысқан аудан әкімі өз есебін берсе, бас имам Ардақ Әділханұлы барша халықты Мәуліт мерекесімен құттықтады. Ауылдың тыныс-тіршілігіне көз жүгіртіп, қандай да көмек қажет болса мешітке келіп, ақыл-кеңестер сұрауларына болады деп демеу жасады. Одан кейін Ортадересін ауылының мешітіне барып, аулы молдасы Шарипов Қари атамен кездесіп, мешіттің ішкі-сыртқы жағдайымен танысты. Қари ата мешіт жұмысын жандандырып отыр. Ауыл тұрғындары әрдайым мешітке келіп, жамағатпен намаз оқуын тоқтатқан емес. Мәуліт мерекесі де қажетінше насихатталып жатыр. Мешітке келіп неке қидырып, діни сауат алып, білімін кеңейтіп жатқан азаматтар да баршылық. Осындай игі істеріне тәнті болған Ардақ Әділханұлы Қари атаға ризашылығын білдіріп, ісінің өрлей беруіне тілектестігін жеткізді.


Жалпы Ақтоғай өңірі бойынша халықтың діни сауаты кеңіп, жас-кәрі демей жамағат намазына қатысатынын айта кеткен абзал. Өңір тұрғындары діни мерекелерді – Ораза айт, Құрбан айт, Мәуліт мерекелерін кең көлемде тойлатып отырады. Әр жұма намазында Пайғамбарымызға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) салауат жолданып, кемел мінезі мен өмірі турасында уағыздар айтылып, Мәуліт мерекесі де кеңінен насихатталуда.


Ақтоғай аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі


[gallery link="file" ids="22063,22064,22065,22066,22067,22068,22069,22070,22071"]

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары