Center Image
IHSAN.KZ
Қызылжар ауылы мәуліт тойлады

Бұқар жырау ауданына қарасты Қызылжар ауылы жылдағы дәстүрден жаңылмай мәулітті жоғарғы деңгейде атап өтті. Алыс-жақыннан келген қонақтарды ауыл имамы Бақытжан қажы Хумар ерекше ықыласпен қарсы алды. Аудан имамы Аманбол қажы Рымқұлұлы ауыл жұртын мерекемен құттықтап, ҚМДБ-ның өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының ыстық ықыласын жеткізіп, мәуліт құтты болсын дей отыра, «Былтырғы жылы ауыл жұртына келген сынақтар өте ауыр болғанын айтты. Сол соққын сынақтар ауыл имамын да айналып өткен жоқ еді. Алайда Алла артын ондасын деп дұға етемез. Биылғы жылдарыңыз табысты әрі сәтті болсын деп жаратқаннан сұраймыз. Сіздерге ауыл жұртына мешіт жамағатына сабырлық пен бірлік ынтымақ пен табыс тілеймін», - деп ағынан жарылды.

Рухани кеште мерейлі мейрамның құрметіне жамағатқа діни кітаптар сыйға таратылып, әсерлі уағыздар айтылды. «Жыржыс қажы» мешітінің найб имам Рүстем Мұратұлы пайғамбарымыздың(с.ғ.с) өмірінен ғибратты уағыз айтты. Мәуліт оқылып, кеш соңында ас беріліп, құран оқылды.

[gallery link="file" ids="22154,22155,22156,22157,22158,22159,22160,22161,22162"]

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz