Center Image
IHSAN.KZ
Қарағанды қаласында халал, тегін де тамақ берілетін кафе ашылды
Мұсылман отбасы «Шығыс» базары жанынан шариғатқа сай «әл-Райан» атты дәмхана ашты. Бүгін Қарағанды облыстық орталық мешітінің наиб имамы Мұсабеков Нұржігіт ашылуына қатысып, мешіттің азаншысы Үсенов Арыстан құран оқыды. Кафенің қожайыны ашылу құрметіне түске дейін 300-ге жуық ер адамдарға, түстен кейін 150-ге тарта әйел жамағатына ас берді. Айтуларынша осы сынды қайырымдылық шаралары әрдайым ұйымдастырылып отырады. Сондай-ақ ҰОС ардагерлері мен мүгедек жандар және егде тартқан адамдарға кез-келген уақытта тегін тамақтануына болады. 150 орындық кафенің ас мәзірі де қалта көтерерлік. 30 түрлі Еуропа және Шығыс елдерінің тағамдары бар. Мал етін де шариғат нормасына сай өздері соятын көрінеді. Отбасыңмен жеке отыруға немесе әйелдер үшін ыңғайлы шымылдықпен жабылған бөлмешелер де қарастырылған. [gallery link="file" ids="22869,22870,22871,22872,22873,22874,22875"]

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz