Center Image
IHSAN.KZ
Жұмбақ «пайғамбардың» құрметіне салынған ерекше мешіт (ФОТО)
Жұмбақ «пайғамбардың» құрметіне салынған ерекше мешіт (ФОТО)
185367-INNERRESIZED600-700-1Алла елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Қызырдың Қызыр атануының себебі келесідей: Ол шөп өспейтін тақыр жерге отырса, бірден оның артынан жап-жасыл болып көктеп шыға келеді», -деген. Қызыр атағын алмай тұрып, оны Балья, Йаса, Әмір, Кальян немесе Ахмад деп атаған, ал оның лақап аты Абу’ль-Аббас. Аңыздарға сүйенсек, Қызыр (а.с.) бір бұлақтан су ішеді, ол бұлақ болса қасиетті, оған тиген нәрсенің барлығына жан бітеді екен. Мұса пайғамбардың да (а.с.) балығы осы бұлақтан тірілген. Ғалымдардың көпшілігі зерттей келе Қызырды пайғамбар деген жорамал айтады. Мұса (а.с.) уахи арқылы Қызыр пайғамбармен кездесіп, сол кісінің артынан ерген. Мұса (а.с.) пайғамбар болғаннан кейін, тек пайғамбарлардың ғана ізімен жүрген деген де болжамдар айтады. Қызырдың осы өмірде әлі де бар не қайтыс болғаны жайында да екіжақты пікір бар. Ғалымдардың көпшілігі Қызыр әлі де тірі деген тоқтамға келеді. Қызырды кейбірі әулиа адам десе, бірі пайғамбар дейді. Дұрысы Аллаға аян! Суретте – Қызыр мешіті, Иран, Кум қаласы.  Алыстан көз тартатын, ерекше мешіттке сілтеме арқылы өтіп, бірге саяхат жасайық: http://www.ihsan.kz/archives/23389  

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz