
Ыстамбұлда жаңа мешіттің құрылысы салынуда. Бұл мешіт әлемдегі ең үлкен мешіттердің бірі болмақ. Осы жылғы маусымның 1 жұлдызына келіп тұрған Рамазан айының Қадір түнінде мешіт салтанатты түрде ашылады деп күтілуде. Чамлыджа мешітінің аумағы 15 мың шаршы метрді құрамақ. Оны Ыстамбұлдың кез-келген нүктесінен көруге болады. Мешіт әрқайсы 107 метр болатын төрт мұнарадан тұрады. Ғимарат бойынша 70 күмбез салынады. Бұл мешітте құлшылық жасауға арналған 5 бөлме, сондай-ақ Ислам тарихы мен мәдениетіне байланысты жәдігерлер қойылатын өнер галереясы, конференц-зал, кітапхана және автокөліктер қоятын орын болады деп жоспарлануда. Мешіттің бір ерекшелігі – көлік жобасында. Мешітке Ыстамбұлдың еуропалық және азиаттық бөлігін байланыстыратын 10 шақырымдық жолмен жетуге болады. Бұл жолдың да құрылысы жүргізіліп жатыр.

Пікірлер