Center Image
IHSAN.KZ
Қарағандыда "Халал стандарттау" қарқынды жұмыс жасауда
Қарағандыда "Халал стандарттау" қарқынды жұмыс жасауда
загруженоҚазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанынан ашылған «Халал стандарттау» бір жүйеге қойылып, жер-жерде бөлімшелері ашылған болатын. Қазіргі таңда шариғат тыйым салған тағамдардан арылып, халқымыздың адал асқа деген сұранысы артып келеді. 3bcc9851-e3d4-4f6e-a741-e28fbbe0072a Қарағанды облысында да ас әзірлейтін кафе, мейрамханаларға тексерістен өтуге мүмкіндік бар. Сапаға сай келіп жатқан жағдайда «Халал» сертификаты беріледі. Бұл туралы жақында ғана сайланған Қарағанды облысы бойынша «Халал стандарттау» бөлімінің төрағасы Ысқақ Рахимбекұлы мәлемдеді. «Халал» деген сөзді сәйкес келсін-келмесін қолдана беру де үйреншікті жағдайға айналып барады», – дейді ол. Енді өңірдің кез-келген қонақ күтетін мекемелері стандартизациядан өте алады. Сапаға сай жұмыс істеймін дегендер болса төмендегі байланыс телефонына хабарласа алады. Байланыс телефоны: 87010707745 Абдрахманов Ысқақ Рахимбекұлы «Халал стандарттау» бөлімінің төрағасы Естеріңізге сала кетейік таяуда ғана Қарағанды қаласындағы KFC компаниясы тағамдарына жасалған сараптама нәтижесінде Діни басқарманың халал сертификаты берілген болатын.    

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz