Center Image
IHSAN.KZ
Өкіл имам Жезқазған жұртшылығына уағыз айтты
Өкіл имам Жезқазған жұртшылығына уағыз айтты
Қарағанды облысы бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Бекқожа Жезқазған қаласына іс-сапармен барып, жамағатпен жүздесіп қайтты. Қаймағы бұзылмаған асыл дінімізге күйе жағып, мұсылманның арасына іріткі болатындар көбейгендіктен дін жанашырлары халыққа ақиқатты айтып, ауызбіршілікке шақырудан шаршаған емес. Өкіл имам Жезқазған және Сәтбаев қалаларының мешіттерінде болып, жұртшылыққа уағыз айтты. Алтау ала болса ауыздағы кетеді демекші, дін өкілі түбі бір мұсылманды ауызбіршілікке шақырып, шынайы мұсылман бір-біріне жамандық жасамаған адам деп, ислам тарихына үңілді. Расымен де, «ислам» деген ұғымның өзі бейбітшілік дегенге саятыны белгілі. Өмірзақ қажы айдағанның арбауында кетпей, бейбіт елдің қадірін түсінейік деп, бірлігі жарасқан ел болу басты мақсат екенін айқындап берді. 360f9e5c-a811-4e6f-9897-1988dc04c8cd 7bca4795-7a4f-40b0-b8d7-3edce74dcf80 2d95e30c-f088-4ec3-a898-3b0260452dd3

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz