Center Image
IHSAN.KZ
Cелфиге түскен панда әлеуметтік желінің жұлдызына айналды (ВИДЕО)
Cелфиге түскен панда әлеуметтік желінің жұлдызына айналды (ВИДЕО)
xw_1235102Асыраушысымен селфиге түскен панда әлеуметтік желінің жұлдызына айналып үлгерді.  Сүйкімді қонжық Қытай елінің оңтүстік-шығысында орналасқан Дуцзянъянь қаласындағы арнайы пандаларды үйрететін орталығында мекендейді. Желіде танымал болған төмендегі видеода панданың қожайынымен құшақтасып, еркелеп тұрғаны және екеуінің бірге селфиге түсіп жатқаны көрсетілген. Жанекеш жануардың иесін қалайша жақсы көретінін байқау қиын емес. Осы бір жануарды ұнатпайтын адам жоқ шығар, тіпті көпшілігі үйлеріне алып кетуге де әзір тұрады екен.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz