Center Image
IHSAN.KZ
Сириялық босқындарға дар ағашы құрылды
Сириялық босқындарға дар ағашы құрылды
suriyelilerin-yasadigi-evin-girisine-idam-sehpasi-konuld Болгария астанасы Софияның «сириялық» босқындар өмір сүріп жатқан Христо Ботев көшесінің кіреберісіне дар ағаштары құрылды. Мұны сол аймақтың ұлтшылдары босқындарға деген наразылықтарының көрінісі ретінде орнатқан. Әрі «Босқындарға құшақ жайған ешкім жоқ» деген мағынада транспаранттар іліп кеткен. Сол көшеде өмір сүріп жатқан, есімін атамауды сұраған бір тұрғын: «Осы жердің жергілікті тұрғындары осы секілді іс-шаралар ұйымдастырып, адамдарды арандатуға тырысады. Өздеріңіз көргендей мұның алдын алып жатқан адамдар да жоқ», – деді. Болгариядағы адам құқықтарын қорғау жөніндегі ұйымдар да бұған әлі тіл қатып, түсініктеме бермей отыр.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz