Center Image
IHSAN.KZ
Ойынға қатысу үшін футболшы алаңда шашын алдыруға мәжбүр болды (ВИДЕО)
Сауд Арабиясында «әл-Шабаб» футбол командасының қақпашысы шаш қою үлгісіне байланысты ойынға қатыса алмай қала жаздады, деп жазады «РИА Новости» жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасай отырып. «Қақпашы Валид Абдулланың шаш қою үлгісі мұсылман дәстүріне лайық емес деп танылды, сондықтан матч басталарға бірнеше минут қалғанда оған шашын алу міндеттелді», делінген хабарламада. Бейнематериалдан байқағанымыздай, футболшының шашын алаңда ойын алдында қиып, түзейді. Спортшының өзі бұған қатты таңқалғанын да көруге болады.

inform.kz


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz