Center Image
IHSAN.KZ
Толассыз нөсер ақырзаманды еске салып, талайлардың өмірін жалмады
Толассыз нөсер ақырзаманды еске салып, талайлардың өмірін жалмады
saudi-rainСауд Арабиясының Оңтүстік бөлігінде қатты жауыннан плотиналар бұзылып, көшелер мен көптеген көліктер, үй-жайлар су астында қалды. Плотинаның бұзылу салдарынан Эк-Таиф қаласында 3 адам су тасқынының құрбаны болды. Су астында қалған  автокөліктердің ішіндегі 46 адамды Королдіктің азаматтық қорғаныс қызметі құтқарып қалған. 9 -10 сәуірде құтқару қызметінен  көмек сұрап,  су тасқыны салдарынан зиян шеккендерден 250-дей  хабарлама келіп түскен. Тұрғындарға азық-түліктер мен  қажетті заттар жіберілді. Әлі де су басқан аудандарда 11 құтқару тобы қызметін жалғастыруда. Естеріңізге сала кетсек, өткен аптада қатты жауын-шашын салдарынан Пәкістан мен Ауғаныстанда жүзден артық адам қаза тауып, электр желілері мен жолдар, ауыл шаруашылық жерлер қираған. Ал Үндістанда осы уақытқа дейін, күрт көтерілген қатты ыстықтан 111 адам көз жұмды. Ол жақтағы ауа температурасы қазірдің өзін де 40 градус Цельсиді көрсетсе, алдағы уақытта тағы да көтеріледі деп күтілуде. Мұсылман ғалымдарының пікіріне сүйенсек, табиғаттың мұндай қалыпсыз құбылысын жақындап қалған ақырзаман белгісінің бірі деп санауға болады.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz