Center Image
IHSAN.KZ
Меккеде он жыл аптапты ыстық сақталады
Меккеде он жыл аптапты ыстық сақталады

5bbc2aed7eb4a97970667ca758d3d935_L

Сауд Арабиясы билігі алдағы 10 жылда Мекке мен Мәдина қалалары өз тарихында ең ыстықты кезеңді өткізетінін хабарлады.

Қос мешіттің сақшысы институты метеорологиялық зерттеу жүргізіп, осындай қорытынды жасады.

Зул-Хиджа айы ендігі он жылда қыркүйек, тамыз, маусым мен шілде айларына сәйкес келеді. Бұл Сауд Арабиясындағы ең ыстық уақыттар. Мекке мен оның маңындағы елдімекендерде ауа температурасы 50 градусқа көтеріледі. Осыған байланысты ел билігі денсаулықты күтіп, физикалық форманы сақтауды ескертеді.

Статистикалық деректерге сәйкес, өткен жылғы қажылық маусымында ыстық ауа райынан әлсіреу бойынша 1014 уақиға тіркеліп, 723 уақиға күн тию және 1737 факті ыстық қысымы бойынша орын алған.

ummet.kz


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz