Center Image
IHSAN.KZ
8 жасар босқын бала чемпион атанды
8 жасар босқын бала чемпион атанды

8 жасар Маджибулла есімді мұсылман баласы ауғандық босқын отбасынан шыққан. Оның ата-анасы он жыл бұрын Қазақстаннан пана іздеп келді. Маджибулла —  тұңғыштары. Тхэквондомен шұғылдануды үш ай бұрын ғана бастаса да, ол қазір чемпиондыққа қол жеткізді. Әуелде сайысқа қатысудан қатты қорыққан бала отбасының қолдауымен жарыста жеңіп шығады. Қазір ол кәсіби спортшы болуды арман етеді.

Маджибулланың тхэквондоға жаттықтыратын ұстазы Ярослав Тен оның талантты бала екенін бір көргеннен байқағанын айтады.

Босқын балалардың ішіндегі ең белсендісі Маджибулла, БҰҰ ұйымдастыратын ағылшын тілі мен орыс тілі сабақтарына қатысады. Сабақ үлгерімі де үздік.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz