Center Image
IHSAN.KZ
Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасы неміс тіліне аударылды
Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасы неміс тіліне аударылды

Биыл неміс тіліндегі бай әдеби қор қазақ ақыны Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасымен толықты, деп хабарлады «Әдебиет» порталы. Поэма неміс тіліне қазақша түпнұсқасынан тікелей аударылып, Қазақстан-Гёте институтының қолдауымен «Büchergilde» (Германия) баспасында басылып шықты. Поэманың неміс тіліндегі нұсқасының авторы - неміс жазушысы Герт Хайденрайх. Қазақ халқының мәдениеті мен өнерін, тарихы мен салт-дәстүрін неміс тілді оқырмандарға кеңінен таныстыратын «Құлагер» поэмасының алғашқы тұсаукесері биылғы наурыз айында Лейпциг қаласында кезекті халықаралық кітап жәрмеңкесінде (Leipziger Buchmesse) өткен еді. 2016 жылдың 25 - 27 мамыр күндері «Құлагердің» неміс тіліндегі аудармасының тұсаукесері Астана мен Алматы қалаларында да өтеді деп жоспарланған. Аталған шараға осы жобаға қатысқан аудармашылар мен Ілияс Жансүгіровтің қызы - Ильфа Ілиясқызы арнайы шақырылып отыр.
Аударманың тұсаукесерін танымал тележүргізуші, ақын Жаңыл Асылбекова жүргізеді.

inform.kz


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz