Center Image
IHSAN.KZ
Мұсылмандар мәселесі үміткерлердің мазасын алуда
Мұсылмандар мәселесі үміткерлердің мазасын алуда

АҚШ президенттігіне үміткерлер мұсылмандар мәселесі үшін дауласып жатыр. Бұрынырақ президенттікке үміткер Хиллари Клинтон Дональд Трамптың мұсылмандарға АҚШ-қа келуге тыйым салу туралы ұсынысы терроризмге ықпал ететінін айтқан болатын. Трамп қарсыласына жауап беріп: «Хилларидің мұсылмандардың уақытша кіруіне тыйым салуды терроризмге ықпал ететін факті деп санауы Берни Сандерстің оны президент лауазымына лайықсыз дегенін дәлелдейді»-деп мәлімдеді. Осылайша Трамп Клинтонға қарсы Берни Сандерсті арандатты.  Осы мәлімдемеден кейін Сандерс Клинтон туралы айтқанын жоққа шығарып: «Әрине, ол президент лауазымы үшін білікті маман. Жоқ деген күннің өзінде ол кез-келген республикашыл-үміткерден жақсы  президент болады»-деді.

 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz