Center Image
IHSAN.KZ
Аты аңызға айналған Мұхаммед Әли дүниеден озды
Аты аңызға айналған Мұхаммед Әли дүниеден озды

Аңызға айналған боксшы Мұхаммед Әли 74 жасында дүниеден озды, - деп хабарлайды РИА Новости басылымы NBC News порталына сілтеме жасап. Бокстан әлемнің бірнеше дүркін чемпионы Мұхаммед Әли тыныс жолы сырқатымен ауруханаға түскен болатын. Алғашында денсаулығы бірқалыпқа келе бастағанымен сырқаты күшейіп, дүние салды деп хабарлайды Mirror. 

Бүгінде 74 жасқа келген М.Әли Паркинсон ауруымен отыз жылдан бері күресіп келген. Соңғы уақытта көпшілік алдына шығуды мүлде тоқтатқан Мұхаммед Әли өзі негізін қалаған Паркинсон орталығындағы қайырымдылық шарасына қатысқан болатын. Паркинсон ауруына шалдыққанда «Алла маған бұл ауруды №1 мен емес, Ол (Алла) екенін ұқтыру үшін жіберді», - дейді Әли. Әлидің шын есімі Кассиус Марселлус Клей. 1964 жылы  Ислам дінін қабылдағаннан кейін Мұхаммед Әли етіп өзгерткен.

muftyat.kz


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz