Center Image
IHSAN.KZ
ЖҰМЫСКЕРЛЕРГЕ ЖҰМАҒА БАРУ ҮШІН ҮЗІЛІС БЕРІЛУІ МҮМКІН 
ЖҰМЫСКЕРЛЕРГЕ ЖҰМАҒА БАРУ ҮШІН ҮЗІЛІС БЕРІЛУІ МҮМКІН 

Қырғыз билігі жұмыс күні жұма намазын өтеуде туындайтын келеңсіздікті шешуге көшті. Мұсылман қауымы күндердің ұлысы – Жұмада мешітке бару үшін ел парламенті түстену уақытын дәл осы күні екіге дейін созуды қарастыруда. Тиісті заң жобасын «Онугуу-Прогресс» фракциясының депутаты Тазабек Икрамов әзірледі.

Жоба Ата заңның жұмыс күніндегі үзіліс уақыты туралы айтылатын 110-бабына «Жұмыс уақыты аралығындағы демалуға, ас ішуге және діни рәсімдерді орындауға арналған үзіліс» деп өзгертуді ұсынып отыр.

«Жұма күні түскі үзіліс уақытын 13:00-ден 14:00-ге дейін ұзарту басшылық пен жұмыскер арасындағы келеңсіздіктің тумауына да септігін тигізеді», - дейді жаңа жоба жетекшілері.  

Түскі үзіліс уақыты бір сағатқа созылатын болса, жұма күні жұмыс уақыты әдеттегідей 18:00 емес, 19:00 аяқталатын болады. 

Бұл ретте аталмыш заң жедел қызмет көрсету орындары, әскердегілерге және жалпы білім беру мектептері мен университеттерге қатысы жоқ.

Суретте: Қырғыстанның президенті Алмазбек Атамбаев


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz