Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Журналист Мұхаммед Әлидің ең қатты қорыққан дүниесін айтты
09 маусым, 2016 жыл 1394 Басып шығару нұсқасы

Марқұм боксер Мұхаммед Әлидің жақын досы, жазушы, радио тілшісі Абдулмалик Мужаһид боксердің өмірде ең қатты қорыққан дүниесінің не екенін айтты. «Мұхаммед Әлиден ең қатты қорқатын дүниесін сұрадым. Басында қалжыңдап, қарама-қарсында отырған әйелін көрсетіп, «әйелім» деді. Сосын «Ең қатты Алланың мені Жәннатына кіргізбеуінен қорқамын» деп жауап берді. Осы сөзінен кейін әйелі бастап сол жерде отырған бәріміз жылай бастадық. Сосын Мұхаммед Әлидің қолынан ұстап «Бауырым Мұхаммед Әли, сен барлық адамдар үшін қызмет қылдың. Алла қаласа, Алла сені Жәннатына кіргізеді», ­­­­­­– дедім. Бұл сөзімнен кейін ол маған тура қарады да, терең ойға шомып кетті. Бұл сәттердің барлығы фото түсіріліп, өлмес сәттерге айналды.   
Мұхаммед Әлимен кездескен сайын үнемі көңілді бір отырыс болатынын, жүзінен үнемі күлкі кетпейтінін тілге тиек еткен Мужаһид: «Бір күні «сені ең ұлы деп айтады, бұған не дейсің?» деп сұрадым. Бұл сұрағыма ол: «Жоқ, ең ұлы – Аллаһ ғана! Мен үлкен боксшымын» деп сөзімді түзетті.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары