Center Image
IHSAN.KZ
ПАЙҒАМБАР МЕШІТІНЕ ТИЕСІЛІ 100 ЖЫЛ БҰРЫНҒЫ ШАМ ТАБЫЛДЫ
ПАЙҒАМБАР МЕШІТІНЕ ТИЕСІЛІ 100 ЖЫЛ БҰРЫНҒЫ ШАМ ТАБЫЛДЫ

Саудя газеттерінінің бірінде Мединадағы Пайғамбарымыздың (ﷺ) мешітінде 100 жыл бұрын жанған шамның суретін жариялады. Ақпаратқа сай, шамның сыртындағы жазуда көрсетілген уақыт араб түбегіне электр жүйесінің алғаш келуімен сәйкеседі. Арабтарға алғаш жарық жүйесі шамамен 112 жыл бұрын келген екен. 

Мединаның веб-сайты  хабарлағандай, мешіт ғимаратын кеңейту Осман билеушісі Сұлтан Абдул-Маджидтің тұсында, хижра күнтізбесі бойынша 1265 және 1277 жылдары жүргізілген. Бұл кезеңдерде мешітте май шамдар қолданылған.  Кейінірек, Сұлтан Абдул-Маджид бұйрығымен тоқ тартылып, электрлі жарықтар пайда болады. Алғаш рет жарық шам Қасиетті мешітте хижраның 1326 –жылы шағбан айының 25-де жанған деген дерек бар.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz