Center Image
IHSAN.KZ
ӘЙЕЛІН ҚҰРМЕТТЕМЕГЕНІ ҮШІН ДҮРЕ СОҒАДЫ
ӘЙЕЛІН ҚҰРМЕТТЕМЕГЕНІ ҮШІН ДҮРЕ СОҒАДЫ

Сауд Арабиясында әлеуметтік желіде әйеліне тіл тигізген ер адамды, 15 күнге түрмеге тоғыту туралы шешім қабылдады. 

Қала соты Хафр әл-Батин саудялыққа қатысты қылмыстық істі қарап шықты. Бастапқыда ол өзінің кінәсін жасырып баққан, бірақ телекоммуникация операторы сотталушының парақшасындағы жазбалардың тізбегін алдына алып шыққанда мойындауға тура келеді.

Сот оны 15 күн бойы түрмеге жабуға және 70 рет ел алдында дүре соғуға шешім шығарды,  -деп хабарлайды  IslamNews, Gulf Digital News сайтына сілтеме көрсете отыра.  Алайда, кейін айыпталушы ғаламтордағы іс-әрекетті реттейтін заңды пайдасына асырып, апелляциялық сотпен өзіне тағылған айыптан құтылып кетті.

 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz