Center Image
IHSAN.KZ
ҚҰРАНҒА КІНӘ АРТҚАН ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ СӨЗДЕН ТОСЫЛДЫ (ВИДЕО)
ҚҰРАНҒА КІНӘ АРТҚАН ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ СӨЗДЕН ТОСЫЛДЫ (ВИДЕО)

Телеэфирде ислам діні мен Құран Кәрімді әжуалауға кіріскен тележүргізуші күтпеген жағдайға тап болды. Ол осы мақсатта бағдарламаға арнайы екі қонақ шақырған.

«Құран жазбаларын» оқу кезінде жүргізуші кітаптан қан төгіс пен кек қайтаруға шақыратын үзінділерін келтірді. Осы кезде эфир қонақтары да оқылған мәтіндерге таң қалмастан, радикалды мазмұндағы сөздерге қарсылықтарын білдіріп жатты.

Эфирдегі қарсылық үдеген тұста жүргізуші аяқасты кітап мұқабасына назар аударды. Ол осы кезде ғана қателікпен Құран аяттарын емес, Інжіл кітабынан үзінділер оқыған екен. «Кешіріңіздер, кешіріңіздер, қателік кетті, мен кітаптарды шатастырып алдым» деп сасқалақтады ол.

E-ISLAM


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz