Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ТӨРТ ДӨҢГЕЛЕКТІ МЕШІТ ПАЙДА БОЛДЫ
08 шілде, 2016 жыл 432 Басып шығару нұсқасы

Жол кептелісінің салдарынан Индонезияның Джакарта қаласының тұрғындарын намазды қалай уақытылы оқуға болады деген сұрақ мазалап келген. Тұрғындардың бірі осы күрмеулі мәселені шешу үшін өзінің шағын автобусын мешітке айналдырды.

«Бірде әйеліме келе жатып, жолшыбай мешітке соғып намаз оқып алайын деп едім, кептеліске кез болдым. Сол кезде өз көлігімде оқуға тура келді», – дейді Сутикно есімді азамат. Осыдан кейін оған шағын автобусын мешітке ұқсатып толықтай жабдықтау ойға келген. Ол көлігін жасыл түске бояп, дәрет алатын су мен жайнамаздар дайындап қойды.

Төрт дөңгелекті мешіт адам аяғы көп жерлер мен құлшылық орындары алыс орналасқан жерлерге тоқтайды. Енді қала тұрғындарына намаз оқуға кептеліс кедергі емес.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары