Center Image
IHSAN.KZ
ҚҰМ САҒАТЫМЕН ҚҰЛШЫЛЫҚ УАҚЫТЫ БЕЛГІЛЕНЕДІ
ҚҰМ САҒАТЫМЕН ҚҰЛШЫЛЫҚ УАҚЫТЫ БЕЛГІЛЕНЕДІ

Индонезияның Орталық Ява провинциясының Суракарта қаласында бүгінгі күнге дейін ежелгі әдіс бойынша – құм сағатымен намаз уақыты анықталып келеді. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, аталмыш құрылғы 1755 жылы алғашқы мешіт есігі ашылған кезден қолданылып келеді. Құрылғы формасы сым темірлермен жалғастырылған мед пластиканы еске салады. Оның ортасында көрсеткіш тіл орнатылған. Ол циферблат арқылы намаздың нақты уақытын көрсетеді. Мешіт имамы Абдул Басидтың айтуынша, құм сағатының қызметі ауа райының құбылуына байланысты болады екен. Қазіргі уақытта мұсылман халқы намаз уақытын заманауи тәсілмен анықтаса да, құм сағаты Суракарта мешіті мешіті жамағаты мен туристер арасында үлкен қызығушылық тудырып келеді.

ummet.kz


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz