Center Image
IHSAN.KZ
КӨП ОҚУДЫҢ ПАЙДАСЫН АНЫҚТАДЫ
КӨП ОҚУДЫҢ ПАЙДАСЫН АНЫҚТАДЫ

Кітапты көп оқитындар ұзақ өмір сүреді. Америка ғалымдары осындай ұйғарымға келіп отыр. Йель университетінің ғалымдары 50-ден асқан 3635 адам қатысқан зерттеу нәтижесінен кейін кітап кеміргіштердің ұзақ өмір сүретінін айтты.

Оқытушы Бекка Леви күніне жарты сағат уақытын оқуға бөлсе, орта есеппен мүлдем кітап бетін ашпаған жанның қасында екі жыл артық өмір сүруге мүмкіндігі бар дейді. Сондай-ақ аптасына 3,5 сағат кітап оқитындарға өлім қауіпі 23 пайызға сейілетін көрінеді.

 

Зерттеуге қатысқандарды үш топқа бөліп қарастырған: бірінші мүлдем оқымайтын, аптасына 3,5 сағаттан аз оқитын, екінші топ керісінше 3,5 сағаттан асып түсетін. Нәтижесінде оқымыстылардың көпшілігі жоғары білімді, қалталы әйелдер кітапқұмар болып шықты.

 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz