Center Image
IHSAN.KZ
ШАЙТАНҒА ЛАҚТЫРЫЛҒАН ТАСТАР ҚАЙДА КЕТЕДІ?(ВИДЕО)
ШАЙТАНҒА ЛАҚТЫРЫЛҒАН ТАСТАР ҚАЙДА КЕТЕДІ?(ВИДЕО)

«Әл-Жазира» телеарнасы Мекке қаласында қажылық кезінде өтетін жамарат рәсімі туралы арнайы сюжет көрсетті.

Көпшіліктің көкейінде жамарат қабырғасында шайтанға лақтырылған тастар қайда кететіні туралы сауал туындайды.

Жамарат көпірі бірнеше қабаттан тұрады. Түсіру тобы жер бетінен 15 мерт төменде орналасқан тастар жиылатын үңгірге түсіп, ондағы тастардың жиылу, сұрыпталу сәтіне куә болды.

Шайтанға лақтырылған жүз миллиондаған тастар әртүрлі өлшемдегі құбырлар арқылы алып бункерге жиналады. Тастар автоматты түрде сұрыпталады. Коллекторлы құбыр тастарды қайта жоғары көтеріп, жүк көліктеріне тиеуге арналған электр есігімен және транспортермен қамтамасыз етілген. Ал тас тиелген көліктер қаладан тысқары қоқыс аймағына жөнелтіледі.

«Әл-Жазира» тілшісінің айтуынша, үлкен қажылық рәсімдері аяқталғаннан кейін жерасты бункерінде шамамен 1 000 тонна тас жиналады.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz