Center Image
IHSAN.KZ
МҰСЫЛМАН ҚАЙЫРШЫНЫ КӨРГЕН ТҰРҒЫНДАР НЕ ІСТЕДІ (ВИДЕО)
МҰСЫЛМАН ҚАЙЫРШЫНЫ КӨРГЕН ТҰРҒЫНДАР НЕ ІСТЕДІ (ВИДЕО)

 Видео-блог авторы Лондон көшесінде ерекше әлеуметтік тәжірибе жасап көрді. Ол мұсылманша киініп алып, «мен үйсізбін» деген жазуымен сызды жерге отырып алып тұрғындарды тексеріп көрді. Блогер Лондон халқының мұсылман қайыршыға қалай қарайтынын көргісі келді. 
Бастапқы 20 минутта ешкім қарайласпады, барлығы жанынан өте шықты. Әйтеуір дегенде бір жас жігіт тоқтап, тамақ алып берейін деп ұсыныс білдірді. 
Тағы бірер уақыттан кейін «үйсіз қайыршының» жанына үш қыз келіп тоқтады. Олар оған 50 фунт ақша ұсынды. 
Мұсылман жігіт «қыздардың бірі мен үшін дұға тілегенін айтты, маған осының өзі бақыт», - деп ағынан жарылды. Оған қоса менің ойым ақша жинау емес, тек өмірде әлі адамгершіліктің бар екенін дәлелдеу дейді.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz