Center Image
IHSAN.KZ
ЛУКАШЕНКО ҚАСИЕТТІ ҚҰРАНДЫ МАҢДАЙЫНА ТИГІЗІП, БҮКІЛ ӘЛЕМДІ ӨЗІНЕ ҚАРАТТЫ (ФОТО)
ЛУКАШЕНКО ҚАСИЕТТІ ҚҰРАНДЫ МАҢДАЙЫНА ТИГІЗІП, БҮКІЛ ӘЛЕМДІ ӨЗІНЕ ҚАРАТТЫ (ФОТО)

Минск қаласындағы алғашқы Орталық мешіттің ашылу салтанатында Белоруссия президенті Александр Лукашенко өзінің батыл қимылымен көпшілікті өзіне қаратты.Шара барысында Беларусь мүфтиінің атынан Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоғанға Құран сыйға тартылды. Қолына Құранды алған Ердоған қасиетті кітапты сүйіп, маңдайына тигізеді. Бұны көрген Беларусь басшысы да Ердоғанның жасағанын қайталайды. 

Лукашенко қасиетті Құранды маңдайына тигізіп, бүкіл әлемді өзіне қаратты (фото)

Алайда БЕЛТА ресми агенттігі Лукашенконың Құранды сүйіп тұрған фотосын жария етпеді. Соған қарамастан, түріктің Posta басылымы аталмыш суретті жариялап жіберді.  Айта кетейік, Құранды сүйіп, оны маңдайға тигізу қасиетті кітапқа деген құрметті білдіреді. Дәстүр бойынша, Құранды маңдайына діншіл мұсылмандар ғана тигізеді. Бұл әрекет мұсылманның қасиетті кітапқа мойынсұнатынын білдіреді.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz