Center Image
IHSAN.KZ
САУД АРАБИЯСЫ ТАРИХЫНДА ТҰҢҒЫШ РЕТ МӘУЛІТ МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНБАҚ
САУД АРАБИЯСЫ ТАРИХЫНДА ТҰҢҒЫШ РЕТ МӘУЛІТ МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНБАҚ

Сауд Арабиясы королдігінің тарихында тұңғыш рет Мұхаммед (ﷺ) пайғамбарымыздың туған күніне арналған Мәуліт мерекесі аталып өтілетін болды. Бұл жайында Islamreview.ru сайты хабар таратты.

Аталмыш сайттың жаңалықтар бөлімінде Муслимов Адам есімді қолданушының осы жайындағы жазбасына сілтеме беріліп, пікірі келтірілген. «Субхан-Аллаһ! Тұңғыш рет Сауд Арабиясында – Ухуд тауының етегінде – Мұхаммед (ﷺ) пайғамбардың туған күніне орай Мәуліт өтеді».

Айта кетейік, Мәуліт мерекесі әлемдегі мұсылман мемлекеттерінің көбісінде аталып өтіледі. Алайда, Сауд Арабиясында бұл мерекеге осы кезге дейін тыйым салынып келген еді. 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz