Center Image
IHSAN.KZ
Ыстамбұлда әр мешітке қанша адамнан келетінін мәлім болды
Ыстамбұлда әр мешітке қанша адамнан келетінін мәлім болды

Түркияда қолданыста барлығы 87 мың 528 мешіт бар. Оның 3 мың 362-сі Ыстамбұл шаһарында орналасқан. Ыстамбұл – Түркия бойынша ең көп мешіті бар қала атануымен қатар, бір мешітке ең көп адамнан келетін қала ретінде де танылған. Соңғы статистикалық мәлімет бойынша, ресми 14 миллион 804 мың 116 адам өмір сүретін шаһарда әрбір мешітке 4 мың 403 кісіден келеді екен. Түркияда мешіт саны жағынан Ыстамбұлдан кейін ең көп Кония (3 мың 166 мешіт), сосын Анкара қаласы (3 мың 41 мешіт).


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz