Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Аднан әл-Хусәйни: Израильдің Құдыстағы заңсыздықтары барған сайын артуда
17 ақпан, 2017 жыл 313 Басып шығару нұсқасы

Палестина билігіне қарасты Құдыс істері министрі Аднан әл-Хусәйни Израильдің Құдыстағы заңсыздықтары бұрын соңды болмаған күйде артып бара жатқанын және шабуылдардың әр тараптан болып жатқанын айтты.

Израильдің басып алған аймағында орналасқан Шығыс Құдыстың Берид аймағындағы кеңседе «палестиналық» журналистерге баспасөз мәлімдемесін жасаған Хусәйни: «Израильдің Ақса мешітіне жасалған шабуылдары, сүріп тастау жұмыстары, яһудилерді қоныстандыру мақсатындағы құрылыстар, Құдыстағы «палестиналықтардың» үйлеріне қол сұғу және азанға тыйым салу секілді радикалды шешімдер мен үкімдер күн сайын артуда», – деді.

Хусәйни Құдыстың Палестина астанасы екенін тілге тиек ете отырып: «Жағдай қиын, тек күресуге мәжбүрміз. Бұған қарсы тұруды жалғастыра бермекпіз әрі өз құқықтарымызды қорғаудан бас тартпаймыз. Өйткені, Құдыс Палестина мемлекетінің астанасы», – деді.

Израильдің Ақса мешітіне жасалып жатқан шабуылдарына назар аударған ол «Шабуылдар мен яһудилердің діни жоралғыларын ұйымдастыру шаралары әлі жалғасуда. Израиль әскерлерінің Ақса мешітінің қызметкерлеріне және намаз оқушыларға қарсы жасалған шабуылдары мен Ақса мешітінен алыстату шаралары күн өткен сайын артуда» деді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары