Center Image
IHSAN.KZ
Шешен қызы шиден мешіт тұрғызды (ФОТО)
Шешен қызы шиден мешіт тұрғызды (ФОТО)

Рамзан Қадыров атындағы мешіттің ерекше макетін Шали ауылының тұрғыны, шешен қызы тұрғызған. Мешіттің ерекшелігі – оның толықтай оттық сіріңкесінен жасалуында.

Хадижа Исмаилова жас кезінен «шырпы» архитектурасымен әуестенеді. Бұл қызығушылық қасиет оған әкесінен берілген екен. Уақыт өте суретші қыз күрделі ғимарат макеттерін жасауға ден қойған.

Хадижа мешіт макетін жасауға 40 мыңға жуық дана ши мен 4 ай уақытын жұмсаған. Ол осы шығармашылығымен маман ретінде айналысуға мүмкіндігі бола бермейтінін, көп уақыты дәмханада даяшы болып жұмыс істеуге кетенін айтады. Сол себепті, бұл өнер Хадижа үшін әзірге хобби ғана.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz