Center Image
IHSAN.KZ
2035 ЖЫЛЫ МҰСЫЛМАНДАР БАЛА САНЫ БОЙЫНША БАРЛЫҒЫН БАСЫП ОЗБАҚ
2035 ЖЫЛЫ МҰСЫЛМАНДАР БАЛА САНЫ БОЙЫНША БАРЛЫҒЫН БАСЫП ОЗБАҚ

Зерттеулерге сүйенсек, соңғы онжылдықта дүниеге әкелген сәби саны жөнінен христиан әйелдеріне ешбір дін өкілдері жете алмаған. Алайда, бұл көрсеткіштер бағаны 2035 жылға қарай күрт өзгермек. Дүниеге перзент әкелу жөнінен бұл кезде мұсылман әйелдері көш бастамақ.+

REW орталығы ұсынған мәлімет бойынша, 2010-15 жылдары христиан әйелдері 223 млн бала дүниеге әкелген көрінеді. Яғни, мұсылман әйелдеріне қарағанда, 10 млн сәби артық туылған.

Осы орталықтың зертеулерге сүйене отырып жасаған болжамы бойынша, 2030-35 жылдары мұсылман әйелдері дүниеге 225 млн сәби әкелуі ықтимал. Бұл көрсеткіш христиан әйелдерінің бала санынан 1 млн-ға асып түспек.

Бұндай болжам жасауға Еуропа құрлығындағы христиан қауымының қартайып бара жатқаны айтылады. Сондай-ақ, әлемдегі мұсылман жамағатының жас екендігі және бала туу көрсеткіші жоғары аймақтарда орналасқандығы қоса ескерілген


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz