Center Image
IHSAN.KZ
Еуропалықтар мисуакка жарнама жасап, пайдалана бастады
Еуропалықтар мисуакка жарнама жасап, пайдалана бастады

Еуропалықтар мисуакка жарнама жасап пайдалана бастады деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі. Мисуакты негізінен көбінесе мұсылмандар ғана қолданады. Бірнеше мыңдаған жылдар бойы ол Арак ағашының бұтағы мен тамырларынан жасалып келеді. Оның адамның ауыз қуысына пайдалы екендігін ғалымдар дәлелдеп те қойған. Оны алғаш пайдаланған кезде түрлі ыңғайсыздық тудыруы мүмкін. Бірақ оны пайдаланғаннан кейін тісіңізге әсер еткенін байқай аласыз. Ғалымдардың айтуы бойынша мисуакты пайдалану арқылы ауыз қуысындағы түрлі бактерияларды жоюға болады. Мисуактың осындай пайдалы жақтарын білгеннен кейін европалықтар да оны қолдана бастаған сияқты


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz