Center Image
IHSAN.KZ
БЕЛГІЛІ ҚАРИ ҚҰРАН ОҚЫП ОТЫРҒАН СӘТТЕ ДҮНИЕДЕН ӨТТІ
БЕЛГІЛІ ҚАРИ ҚҰРАН ОҚЫП ОТЫРҒАН СӘТТЕ ДҮНИЕДЕН ӨТТІ

24 сәуір, дүйсенбі күні Индонезия әлеуметтік істері жөніндегі министрдің қатысуымен өтіп жатқан шара барысында Шейх Жағфар Абдурахман есімді елге танымал беделді қари (хафиз) Құран оқып жатқан сәтінде бақилық болды.

Қари Шейх Жағфар айтулы шараның ашылу салтанатында қасиетті Құран Кәрімнің Мүлк сүресін оқып жатқан еді. Кенеттен қари өзін нашар сезініп, жанында тұрған адамдар оны дереу жатқызады. Шейх Жағфар медициналық жедел-жәрдем көмегі жеткенге дейін демі үзіліп, өмірден өтті. 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz