Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Қытай билігі исламды қаралауға тыйым салды
25 қыркүйек, 2017 жыл 284 Басып шығару нұсқасы

Қытай билігі әлеуметтік желідегі исламға қарсы жазбаларға қатысты күтпеген шешім қабылдады. Яғни, бұдан былай исламофобиялық материалдарды іздегендер қажетті ақпаратты таба алмайтын болады. «Исламофобиялық терминдер қытай әлеуметтік желісінде билік тарапынан бұғатталып тасталды»,- деп айтылған мемлекет қаржыландыратын ақпарат көзінде. «Ойдан шығарылған терминдер» туралы айтылғанда қытай билігі «жасыл дін» және «бейбіт дін» сөз тіркестерін қаперге алып отыр. Яғни, бұл терминдерді исламофобтар жазадан жалтару үшін ғаламторда қолданады. Ендігі жерде Weibo-дані іздегендер бұл сөз тіркестерін таба алмайды. Бұл жайында NDTV ақпарат көзі хабар таратты. Қытай билігінің мұндай қадамға баруына қолына плакат ұстаған мұсылман ер адамның ақылы жолға қатысты наразылығы бейнеленген видеоның ғаламторда шу шығарып, мұсылмандарды жаппай қаралау етек алғаны түрткі болған. 

i

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары