Center Image
IHSAN.KZ
Жезқазған аймағына қарасты имамдар сынақ тапсырыды
Жезқазған аймағына қарасты имамдар сынақ тапсырыды

    

ҚМДБ - ның төрағасы, бас Мүфти Ержан қажы Малғажыыұлының тапсырмасымен имамдардың біліктілігін арттыру мақсатында барлық имамдар мен дін қызметкерлерін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қабылдаған "Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы", "Мұсылманның тұлғалық бейнесі", "Имамның тұғырлық бейнесі", "ҚМДБ ның қызметкерлерінің этикасы" және "Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының діни білім беру 2020 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы", "ҚМДБ қызметін 2020 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы" қатарлы құжаттардан сынақ тапсырған болатын. Осы мақсатта Жезқазған аймағына қарасты барлық имамдар Жезқазған қаласы, "Ахмет Ишан Оразайұлы" мешітіне қарасты сауат ашу курсында эмтихантапсырды.

            Сынақ төрағасы, ҚМДБ ның насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі, исламтанушы - теолог Алтынбек Ұтысханұлы дін қызметкерлерінің біліктілігі мен білімділігін сараптаудан өткізді. Өңірге қарасты ыбарлық мешіттердің имамдары мен ұстаздары, молдалары мен азаншылары шариғат, ақида ілімдерімен қатар діни басқарма бекіткен  имамның этикасы, дін мен дәстүр сабақтастығы секілді сұрақтарға жауап берді.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz