Center Image
IHSAN.KZ
селфи жасауға тыйым салынды
селфи жасауға тыйым салынды

Сауд Арабиясы королдігінің билігі Мекке қаласындағы Харам мешіті мен Мәдинадағы Пайғамбар (с.ғ.с.) мешітінде селфи жасауға, суретке түсіруге тыйым салып отыр. Бұл жайында Сауд Арабиясының Ақпарат және баспасөз басқармасына сілтеме жасай отырып, resurs marwa сайты хабар таратты.

Атап көрсеткендей, бұл тыйым қасиетті мекенге келуші қажылармен қоса, тілшілер қауымына да қатысты болып тұр. Билік өкілдері аталмыш тыйым мұсылмандардың киелісін сақтап және қорғау мақсатында енгізіліп отыр дейді. Сондай-ақ, олар осы арқылы қажылардың діни рәсімдерді неғұрлым тақуалықпен орындауына септігі тиеді деп сенеді.+

Тыйымды бұзғандардың техникалық құралдары тәркіленіп алынатыны белгілі болды. Сондай-ақ, тәртіп бұзушыларға қарсы заңды шара қолданылмақ. Алайда, нақты қандай шара қолданылатыны айтылмаған.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz