Бүгін , яғни ақпан айының 16 -күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Ораз мырзаның бұйрығымен Жаңаарқа ауданы, "Халық" мешітінің бас имамы болып Қанай Асхат мырза тағайындалды. Қасиетті жұма күні ҚМДБ - ның Қарағанды облысы бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы мырза жамағатқа жаңадан тағайындалған бас имамды ресми түрде таныстырып, жұма намазына жиналған халыққа уағыз насихатын айтты. Құран оқылды.
Жаңаарқа ауданының "Халық" мешітіне бас имам тағайындалды (фото)




