Center Image
IHSAN.KZ
Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде VII Республикалық Құран жарысынан іріктеу сайысы болып өтті (фото)
Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде VII Республикалық Құран жарысынан іріктеу сайысы болып өтті (фото)

Ислам дінінде қасиетті төрт айдың бірі ережеп айының қарсаңында ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің ұйымдастыруыменен, облыстық «Әнет баба»  мешітінде «Құран Кәрімді» жатқа және мәнерлеп оқу бойынша VII Республикалық байқауға іріктеу үшін облыстық Құран жарысы өткізілді. Жарыс 4 номинация бойынша жүргізілді, атап айтқанда: 30 пара толық, 20 пара, 10 пара және мәнерлеп оқу.  Алланың кәләмі болған қасиетті Құран кәрім аяттарын мәнерлеп жатқа оқудан өткен жарысты ҚМДБ ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Өмірзақ қажы Бекқожа мырза, наиб имам Кәрсембай Дархан Асылтайұлы мырза, Абилов Марғұлан Балтабайұлы және де қари ұстаздар төрағалық етті. Байқауды ашып берген Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Бекқожа мырза қатысушыларға өзінің ыстық лебізін білдіріп, білім іздену жолында үлкен жетістіктерге қол жеткізуіне тілекші екенін жеткізді. Жоғары деңгейде өткен додада жиырмаға жуық қатысушы бақ сынасып,  VII Республикалық байқауға  төрт номинация бойынша жолдамалар берілді.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz