Center Image
IHSAN.KZ
«Ислам және отбасы жылы» аясында бірнеше рухани шара ұйымдастырылды (фото)
«Ислам және отбасы жылы» аясында бірнеше рухани шара ұйымдастырылды (фото)

ҚМДБ - ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз мырза биылғы жылды «Ислам және отбасы» жылы деп атаған болатын. Осыған байланысты аймағымыздың бірнеше қаласында, атап айтқанда Жаңаарқа, Сатпаев қалалары мен Кеңгір елдімекенінде «Ислам және отбасы» жылы аясында рухани іс- шара өтті. Осыған орай көпшіліктің сұранысы бойынша Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы, "Әйел қыздар" бөлімінің басшысы Бакирова Арай Серғалиқызы арнайы шақырылды. Іс шара барысында отбасы құндылықтары, исламдағы отбасының орны, бабалар өнегесі, дәстүрлі тәрбие мектебі, ажырасудың себептері және алдын алу жолдары секілді өзекті мәселелер талқыланды. Сонымен қатар ер мен әйел болып өмір сүрі, үйленіп ұрпақ сүю табиғи заңдылығының маңызы турасында сөз қозғалды. Рухни шара соңында әйелдер жамағатына арнайы дастархан жайылып, уағыз насихат айтылды.

 

 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz