Center Image
IHSAN.KZ
Түркия Сирияның жүздеген мешітін қалпына келтіріп берді
Түркия Сирияның жүздеген мешітін қалпына келтіріп берді

Түркия Діни қоры (TDV) соңғы 15 айда Сирияның Джераблус, Эль-Баб, Аазаз қалалары мен елдің солтүстігіндегі Чобанбей ауданындағы 108 мешітті қалпына келтіріп берді.

Бұзылған мешіттерді жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары Алеппо провинциясының қалалар мен аудандарында,  ауылдарында жүргізілді. Жарылыс салдарынан қираған мешіт мұнаралары мен күмбездерін жөндеумен қатар TDV мешіттерді электр энергиялары мен сумен қамтамасыз етті.

Түркия Діни қоры тағы Сириядағы 160 мешітті қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді жоспарлайды. Сирияның Аазаз қаласының мүфтиі Ахмет Ясин антитеррористік операциялардан кейін Сирияның солтүстік аймағында қауіпсіздік толық қамтамасыз етілгенін айтады.

«Қауіпсіздік қамтамасыз етілгеннен кейін TDV аймақтағы мешіттерді қалпына келтіруге кірісті. Аазаз қаласының өзінде 17 мешіт жөндеуден өтті. Мешіттердің электр жарықтары қалпына келтірілді, мешіт территорияларының жағдайы жақсартылды. Жақын уақытта Аазаз қаласында тағы 25 мешіт ашылады» дейді имам.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz