Center Image
IHSAN.KZ
Түркия лирасы кезекті антирекордын жаңартты
Түркия лирасы кезекті антирекордын жаңартты

Соңғы бірнеше айда құлдырауын тоқтатпай отырған Түркия лирасы кезекті тарихи  минимумын жаңартты.

Лираның АҚШ долларына қатысты кезекті құлдырауы түрік-америка қарым-қатынасының нашарлауы тұрғысынан болып отыр, дәлірегінде, Түркияның АҚШ нарығына бажсыз шығу мәселесін Ақ үйдің қайта қарау кезінен басталған.

Тек алдын ала есептеулерге қарағанда, бұл түрік экспортын 1,66 миллиард долларға азаюына әкеліп соғатын көрінеді.  

Естеріңізге сала кетсек, осы жылдың басынан бастап түрік лирасы 27% төмендеген. Сарапшылардың пікірі бойынша, бұл жағдай Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның елдің қаржы секторын бақылауды күшейту салдарынан орын алып отыр.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz