Center Image
IHSAN.KZ
Бас мүфти Елорда имамдарымен жиналыс өткізді (ФОТО)
Бас мүфти Елорда имамдарымен жиналыс өткізді (ФОТО)

Бүгін Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың қатысуымен елордалық діни қызметкерлердің жалпы жиналысы болып өтті. Еліміздің бас қаласындағы құлшылық ордаларының жұмысын жандандырып, діни сала әлеуетін арттыру жолында атқарар еңбектің ұшан-теңіз екенін ескертіп өткен Бас мүфти Астана имамдарына сәттілік тілеп, жұмыла жұмыс істеуге шақырды.

Жиналыс барысында Бірінші наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Әзірет Сұлтан» мешітіне Астана қаласының өкілдігі мәртебесі берілуіне байланысты қала бойынша өкілдік жұмысын үйлестіруге қатысты жауапты қызметкерлер тізімімен таныстырып өтті. Астана қаласындағы мешіттер бойынша қайырымдылық, уағыз-насихат, теріс ағымдармен жұмыс, оқу-ағарту, БАҚ жұмыстары, мешіттердің тазалығы мен қауіпсіздігі салалары бойынша бірқатар жаңа міндеттер жүктеліп, қала бойынша жауапты қызметкерлер тағайындалды.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz