Center Image
IHSAN.KZ
ПІТІР САДАҚАСЫ МЕН ЗЕКЕТТІ HOMEBANK МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫ АРҚЫЛЫ АУДАРУҒА БОЛАДЫ (ВИДЕО)
ПІТІР САДАҚАСЫ МЕН ЗЕКЕТТІ HOMEBANK МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫ АРҚЫЛЫ АУДАРУҒА БОЛАДЫ (ВИДЕО)

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты Рамазан айында берілетін пітір садақасы мен зекетті Homebank мобильді қосымшасы арқылы аударуға болады.

Halyk Bank Homebank қосымшасы арқылы пітір садақа және зекет төлеу қызметін іске қосты. Ол үшін Homebank қосымшасына кіріп, іздеу жолағынан 244 мешіттің бірін таңдап, соның қорына төлем жасауға болады. Садақаны аудару үшін, қосымшаның "Төлемдер" бөліміне өтіп, іздеу жолағынан өзіңіз таңдаған мешітті көрсетсеңіз жетіп жатыр. Биылғы пітір садақа көлемі жан басына 370 теңге болып бекітілгенін еске саламыз.

 

 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz