«ӘНЕТ БАБА» МЕШІТІНІҢ ҰСТАЗЫ МАРАПАТТАЛДЫ

  ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы Бакирова Арай Серғалиқызы ҚМДБ-ның Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының арнайы алғыс хатымен марапатталды.

Айта кетейік, күні кеше елордасы Астана қаласында ІІ республикалық мұсылман әйелдерінің «Әсем киім – әйел ажары» сән киім байқауы өткен болатын.

Іс-шараны ұйымдастырудағы мақсат – әйел-қыздарға шариғат пен дәстүрімізге сай, қазіргі заман талабына орай орамал мен мұсылманша киім үлгілерін ұсыну.

Байқауда облыс-өңірден келген жиырмаға жуық дизайнердің ұсынған 200-ден астам мұсылманша киім үлгілері көрсетілді.

Осы игі шараға жоғары деңгейде дайындалып, байқауға ұлттық киімдерімізді ұсынған қатысушыларды бастап келген мешіт ұстазы Бас мүфтидің алғысына бөленді.

 

© 2009-2025, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін