ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлының ұйымдастыруымен аймақ жамағаты қасиетті миғраж түнін қарсы алды.
Берекелі кеш барысында мешіт жамағатының құрметіне дастархан жайылып, ас берілді.
Рухани кешке ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы арнайы қатысты. Шараға Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінің ұстазы Юсуфбек Шұғайұлы қатысып, миғраж түнінің қасиеті жайлы уағыз- насихат айтты.
«Аса Мейірімді Алла Тағала Ережеп пен Шағбан айларында дүние және дін істерімізге береке беріп, Рамазан айына аман-есен жеткізсін! Біздің миғражымыз болған намаздарымызда еліміздің, халқымыздың амандығын және әлем тыныштығын тілейік! Қасиетті Миғраж түніндегі құлшылық пен дұғаларымыз қабыл болғай»,-деп облыс бас имамы кешке қатысушыларға Өзінің ыстық лебізін білдірді.
Қасиетті түннің құрметіне орай ұйымдастырылған берекелі отырыста жүзден астам мешіт жамағаты бас қосты. Кездесу соңы сұрақ-жауапқа ұласты.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі