«Құнанбай қажы» мешітінің имамы облыс бас имамының қабылдауында болды

Бүгін Қасиетті Қарқаралы қаласы «Құнанбай қажы» мешітінің имамы Митератбек Құбылайханов ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының қабылдауында болды.

Кездесу барысында Қарқаралы ауданындағы мешіттердің қазіргі діни ахуалының  тұрақтылығы мен хал-ахуалы талқыланып, бірнеше мәселелер қозғалды.  Сондай-ақ, алдағы уақытқа құрылған жоспарлар мен мақсаттар сараланды.

© 2009-2025, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін