Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«Ел үлесі пәтерге»: Теміртауда 371-ші баспананың кілті табыс етілді
28 сәуір, 2021 жыл 404 Басып шығару нұсқасы


 
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Теміртау қаласының «Әлихан Бөкейхан» атындағы орталық мешітінің ұйымдастыруымен «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында 371-ші баспананың кілтін табыстау шарасы өтті.
 
Осыдан біраз уақыт бұрын әлеуметтік желілерде 9 балалы отбасының өмірлік жағдайына қатысты видео тараған болатын. Осы уақытқа дейін, тағдыр тауқыметінің ащы дәмін татса да, Аллаға деген сенімін жоғалтпай, еш мойымаған жанұяның жағдайы кімді болса да алаңдатпай қоймады.
 
Нәтижесінде, Теміртау қаласының бас имамы Естай Айтуғанұлының бастамасымен, жергілікті жомарт жандардың, сондай-ақ халықтың көрсеткен демеушілігінің арқасында Серікбай мен Айнұр есімді көпбалалы ата-анаға 3 бөлмелі жеке баспананың кілті табыс етілді.
 
Қайырымдылық шарасына Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Самат Саятұлы, ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы, Теміртау қаласының бас имамы Естай Айтуғанұлы және өзге де дін қызметкерлері арнайы қатысып, игі шараға ұйытқы болған халыққа алғыс айтып, бақытқа кенелген отбасыға ізгі тілектерін білдірді.
 
Қайырымды әрі сауапты іске атсалысқан барша азаматтарға алғыс білдіреміз. Алла сіздерден разы болып, отбасыларыңызға ұзақ әрі мәнді ғұмыр нәсіп етсін!

Ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары