Қасиетті Рамазан айының қарсаңында Қарқаралы ауданы «Құнанбай қажы» мешітінің ұйымдастыруымен, жергілікті көмекке мұқтаж, аз қамтылған отбасыларға азық-түлік салынған сөмкелер таратылды.
Хадисте: «Кімде кім оразашыға қамқорлық етіп, ауыз аштырса, сол оразашы алғандай сауапты бұл да алады. Оның сауабынан еш нәрсе де кемімейді»,- делінген.
«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің»,- демекші «Құнанбай қажы» мешітінің имамы Митератбек Құбылайханов және мешіт ұжымы осындай берекелі істі жүзеге асыруға ат салысқан мешіт жамағатына алғыстарын білдірді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
ihsan.kz
Пікірлер